Джеки Чанның жаңа фильмінде қазақстандық актер бой көрсетеді

2 546

Фото: https://www.instagram.com/_omarov_rustemБелгілі актер әрі сценарист Рүстем Омаров  Джеки Чан түсіріп жатқан «Доспехи Бога: Ультиматум» атты жаңа фильмде басты кейіпкерлердің бірі ретінде бой көрсетпек,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, бала күнінен кумирі болған Джеки Чанмен бір туындыда жұмыс істеудің өзіне зор мәртебе екенін айтты.

«Бала кезімде Джеки Чанның фильмдерін көріп өстім. Ал енді онымен бір жобада бірге болу — мен үшін үлкен арманның орындалуы!» – деп жазды актер.

Айта кетейік, жуырда Джеки Чан Алматыға арнайы келіп, түсірілім алаңдарын таңдап кеткен болатын. Salem Entertainment өкілдері әзірге жоба туралы толық ақпаратты құпия ұстап отыр, бірақ көрермендерді алда үлкен жаңалықтар күтіп тұрғанын мәлімдеді.







OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.