"Жылама, 10 жыл жыладың ғой": Елдос Колобок бір жасқа толған ұлының жүзін алғаш рет көрсетті

2 515

Фото: Instagram.com/eldos_kalabok/Елдос Колобок лақап атымен танымал блогер Елдос Қадырханов ұлы Әлемнің бір жасқа толуына орай оның жүзін алғаш рет көпшілікке көрсетті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Перзентін жұбайымен бірге он жылға жуық күткен блогер отбасылық видеосын жариялады. Кадрларда Елдос пен жұбайы Таңшолпан ұлдарын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін жеткізеді. Тілек айтып тұрған Таңшолпан толқып, көзіне жас алған.

Сол сәтте Елдос жұбайына әзіл араластыра жұбату айтқан.

“Жылама, он жыл жыладың ғой. Жетер енді”, – дейді ол келіншегіне.

Блогер ұлының дүниеге келуі өмірлерін өзгертіп, ата-ана болудың қуанышы мен жауапкершілігін сезіндіргенін айтты.

“Әлем Елдосұлы бір жаста! Туған күніңмен, құлыным, өмірім, қызығым, бұзығым! Сен өмірімізді өзгерттің, сен бізді өзгерттің. Сен бізге әке-ана деген атақ бердің, ол мәртебенің салмағы мен жауапкершілігі қандай екенін сездірдің. Біз сені шексіз жақсы көреміз”, – деп жазды ол.

Ол жұбайы екеуінің ұлдарының елу жасын да бірге тойлауды армандайтынын жеткізді.

“Алғашқы туған күнің құтты болсын! Сенің елу жас тойыңда “Жаным балам” деп Танчо екеуіміз ән айтып тұрайық. Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір. Көз қуанышымыз болып жүре бер. Тіл-көзден аман болсын”, – деді Елдос.

Елдос жазбасының соңында оқырмандарынан Әлемнің кімге ұқсайтынын сұрап, баласына ақ бата берулерін өтінді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.