"Енді кімге еркелеймін?" Танымал блогер Әділет Айтжановтың анасы өмірден өтті

2 504

Фото: Instagram/upu4uk_showТанымал қазақстандық блогер Әділет Айтжанов қара жамылды. Оның анасы өмірден өтті, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды блогер Instagram парақшасында жариялап, анасына арнап жүректебірентерлік жазба қалдырды. Ол жақын адамынан айырылғандағы қайғысын жеткізіп, анасына деген сағынышын білдірді.

“Көп сөз жазғым-ақ келеді. Анашым, сен үшін тауды да қопаруға дайын едім ғой. Енді кімге еркелеймін? Алла жәннат нәсіп етсінші”, – деп жазды блогер.

Сондай-ақ Әділет Айтжанов анасына алғысын айтып, ауыр қайғыға қарамастан мойымайтынын жеткізді.

“Анашым, жаныңыз жәннатта болсын. Енді кімге еркелеймін? Кешірші, ештеңе жасай алмадым. Анашым, рақмет. Батыр ұлың сынбайды”, – деп жазды ол.

Блогердің жазбасына желі қолданушылары көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр. Олар марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы болуын тіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.