Меруерт Түсіпбаева көпбалалы аналарға көмектеспек

448

Меруерт Түсіпбаева соңғы уақытта шығармашылығын шетке ысырып, әлеуметтік желідегі белсенділігін арттырған. Әнші көпбалалы аналарға жәрдемдесетінін мәлімдеді. 

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды. 

"Елге қалай көмектесуге болады? Елге қалай қарлығаштың қанатымен су сепкендей болсын, қандай көмек бере аламыз? Осы тұста үлкен қуанышты жаңалықты айта кетсем болады. Құдай амандығын берсе, біз осы жаңа жылдың қарсаңында көпбалалы аналарға көмек береміз", - деді әнші.

Қайырымдылық жасауды ұйғарған Меруерт 
Түсіпбаева:   "Сәтін салса үлкен қор ұйымдастырамын", - деп отыр. Эстрада жұлдызы көмекке мұқтаж көпбалалы аналарды керек-жарақпен қамтамасыз етпек.

Түсіпбаева қоғамдық істерден бөлек, бүгінде сән саласында да өзін байқап жүр. Әнші жас дизайнерлермен бірігіп, нәзік жандыларға арналған коллекция ұсынған болатын.

Әнші соңғы кездері шығармашылығына көңіл бөлмей жүргенін жасырмады. Әнші тіпті 25 жылдық мерейтойына арнап ауқымды концерт бермейтіндігін мәлімдеді.

"Қазіргі таңда еліміздегі жағдай қиын. Қайтадан пандемия басталып кету қаупі төніп тұр. Сондықтан да, үлкен концерт жасамаймын деп шештім. Себебі, бұл үлкен жауапкершілік", - деді өнер иесі.