"Баласын жылына бір рет көріп кетеді": - Мөлдір Әуелбекова

659
Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуінің ұлымен қарым-қатынасы қандай екенін ашық айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

"Бір жылда бір келіп көріп кетеді. Осы биылғы ораза айынан бастап, екі ай болды көмектесе бастады. Рахмет. Не түрткі болғаны маған белгісіз. Бір-бірін жақын танып, араласса - қуанамын. Бірақ балам қанша әкесін есіне салып, мақтап отырсам да әзірге онша елемейді. Себебі әкесі бауырына баспаған. Алдағы уақытта ол да түзелер", - деп жазды әртіс


Оған қоса өнер иесі ұлы мен қызы өзі үшін нағыз үлкен мотивация екенін жеткізді. Сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова он жылда қатты өзгеріп кеткенін алға тартты.


"Ол кезде Моля болдым. Қазір Аллаға шүкір Мөлдірмін", - деп жазды Instagram парақшасында.