"Түсірілімнің бірінші күні кетіп қалғым келді" Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалы жайлы айтты
Әбілмансұр Серіков 5:32 сериалының түсірілімі жайлы айтты. Кинокартинада басты рөлді сомдаған актер алғашқы күні мәйітханада болып, рөлінен бас тартқысы келгенін мойындады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Артқа жол жоқ. Қаншама адамды аяқтан шалатын едім. Оның үстіне, басты рөл. Солай өзімді өзім еңсеріп, әрі қарай кеттік",- деп ағынан жарылды актер.
Айтуынша, фильмге кастинг 4 ай бойы жүрген. Алғашқыда басты рөлге басқа актерді бекіткен. Кейін белгісіз себептермен кастингті қайта жариялап, Әбілмансұрды шақырған.
Актердің айтуынша, бұл фильм оған уақытты, достықты, махаббатты бағалауды үйретті.