"Салыстыруға келмейді"...
Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде анасына ерекше жазба арнап, ел жүрегін елжіретті. Өнер иесі бүгінде анасынан артық жанашыр досы жоқ екенін айтып, көпшілікті ойландырып қойды.
Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында анасының видеосымен бөлісіп, оның астына аса әсерлі жазба қалдырған.
Бейнежазбада актрисаның анасына сыйлық тарту етіп жатқанын көруге болады. Қайрат Нұртастың жары өз жазбасында көпшілікті аналарды құрметтеп, оларды әрқашан қуантып жүруге шақырды.
"Әр қыздың бойтүзері де, тұсбағдары да анасы. Анаңнан артық психолог, жанашыр, дос жоқ. Қазір сандалып даладан іздеп жүрген іліміміз, тәрбиеміз өз анамызда тұнып тұр. Қазір әркімге ауыз ашып осы керемет жетістікке жеткен ақылды адам деп пір тұтып жүргендерді де анамыздың бір ауыз сөзімен салыстыруға келмейді. Өзім ана болған сайын жанын терең түсіне бастадым. Әжіміне дейін әр беріп тұрған ажарыңыздан айналдым. Қуаныңыз, қуантайық", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Жұлдыздың анасының ерекше шыққан видеосына тәнті болған желі қолданушылары оған өз жылы лебіздерін жарыса білдірді.
"Қандай жылы видео. Оның астында жазылған әрбір сөзге де қосыламын", "Дұрыс айтасыз. Аналарды әрдайым қуантып жүру керек, ақылына құлақ асу керек" , "Аналарымыз аман болсын" , "Кейде кеш болып кетеді. Сол кезде өкініп қалмас үшін қасымызда жүргенде қадірін біліп, барынша бағалауымыз керек" , - деп жазды халық.