Ақбота Сейітмағамбет жаңа үйін көрсетті

2 434

Фото: Instagram/akbotanurabaykyzyОтандық әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жаңа үйін көрсетті., - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Баспанасының суретін ол Instagram желісіндегі парақшасында жария етті.

"Әр кірпішінде – арман, әр терезесінде – үміт. Жаңа үй – жаңа тыныс, жаңа бетбұрыс. Қаншама еңбек терімнің жемісі. Құтты шаңырақ болсын!", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Ақбота-Нұрдың қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін жаудырды.

"Берекелі, қайырлы үй болсын!", "Қандай керемет! Еңбегіңіз жана берсін, берекелі мерекелі шаттыққа толы шаңырақ болсын", "Құтты болсын берекелі болсын", "Қаншама еңбек. Кішкентай қыздың үлкен жетістіктерінің бірі. Арманға адалдық пен жұмыстағы табандылықтың нәтижесі. Өз ошағыңды, өз ұяңды, өз арманыңды өз қолыңмен қалап жатсың. Алла қолдаушың болсын", - деп жазды олар.

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.