"Ұлдарым іш киімдерін өздері жуады"- Салтанат Бақаева
Төрт баланы дүниеге әкелген Салтанат Бақаева ұлды тәрбиелеудің ерекшелігі жайлы айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "MOM'sкий әңгіме" подкастына сілтеме жасап.
Ол ер балаларды үй тірлігіне араластыратынын ашық мойындады. Айтуынша, болашақта отау иесі болатындықтан, ер жігітке қатал қараған дұрыс.
5 жастағы Айтөрем де соған үйреніп келе жатыр. Менің ойымша, не істесе де, өздері істеу керек. Әрине, қиындау. Бірақ мен балаларымды қорғаштай бермеймін. Керісінше "істеп көр" деп айтамын", - дейді Бақаева ағынан жарылып.
Актрисаның айтуынша, болашақта отау иесі болатындықтан, ұлдарға қатал тәрбие беру керек. Әсіресе, еңбекқорлыққа баулыған маңызды, дейді көпбалалы ана.
Жолдасым үлкен ұлымды көп жұмсайды. Мен оған кейде ренжимін.
Бірақ қызығы Әмір әкесінің айтқанын "мені жұмсайды" деп ойламайды. Ал мен жұмсасам: "Неге мені жұмсай бересің?" деп ренжиді. Соған қарағанда, оларға әкенің айтқаны заң деген қағида ген арқылы берілетін сияқты. Ал бізге, аналарына еркелеп, мазалайтын ойларын айтып алады. Кейде "мама, қойшы" деп қалады. Таңғаламын, бірақ үндемеймін. Ол оның мінезі, маған "жоқ" деп айта алмаса, ертеңгі күні бөтен адамдарға да қарсылық білдіре алмай, өзінің жан дүниесіне қарсы келетін істерді жасауына тура келеді", - дейді Бақаева.