"Жылқы еті ерлерді белсіздікке, әйелдерді бедеулікке душар етеді" - Қоғам белсендісі

515
Фейсбук әлеуметтік желісінде Серік Боқан есім-cойлы азаматтың жылқы етін жеуден қазақ халқын сақтандырған жазбасы тарады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Жылқы еті өмірге өте қауіпті! Шығыс медицинасы жылқы етінің түрлі бактерия, өте жаман ауырулар тудыратын азық екенін дәлелдеді. Ол жүрек, ми қан тамырларын жарып өмірге қауіп төндіреді".
Кейіннен жылқы етіне жаны қас автор қытайы медицинаға тоқталады. Жылқы етін тұтыну - бедеуліктің бастауы, ақырында тұтас ұлттың өз тамырына балта шабуы деген тоқтамға келеді.
Қытайдың бес мың жылдық тарихы бар медицинасында айтады: жылқы еті бауыр, бұйрек, асқазан, ішек жолдарын құрттар өрбіту арқылы ауыртады. Сүйктің сынуын, кеуектендіруін жеделдетеді. Доңыз бен жылқы етін қатар жесе, оба ауыруын тудырады. Жылқы терісін жыланға жапса, жылан өледі. Жылқы етін жейтін адам өте көп ауыруға шалдығады. Жылқы етін жеген қауымның өсімі тоқтайды. Ерлер белсіз, әйелдер бедеу болады
Қысқасы жарты сағат залады жылқы еті туралы ескертуді естіп өте қауіпті екенін білдім. Сақ болайық!
Жылқы көлік ретінде пайдалануға лайық көркемөнерші жаратылыс, - 
дейді автор бұл жайында.


Сөз соңында фейсбук белсендісі қос суретпен бөліседі. Онда арапша жазу қолданылған картина және тулаған тұлпардың бейнесі бар.


Оқырмандар авторға жауап есебінде төмендегідей ой-пікір қалдыруда:


"Жылқы етін жеген бабаларымыз он-жиырма баладан тапқан. Жылқының еті - адал","Қытайлар жемей-ақ қойсын. Қазаққа жылқы еті жағады. Жағып та келеді. Иә, майы сүйекті жұмсартатыны рас, бірақ оны үнемі жемейді ғой. Көбіне қыста соғым ретінде жейді. Жылқы еті денені қыздыратыны рас. Айта берсек, пайдасы көп. Жылқы еті - нағыз диета тағамы","Өтірік! Жылқы етін жеп жүз жасаған адамдар жетерлік. Керісінше десаулыққа өте пайдалы.Еті зиянды болса, қымызы, саумалы ше? Өкпе ауруымен, бауыр ауруынан қымыз ішіп, саумал ішіп жазылғандар туралы не дейміз? Киелі Жылқыға сөз келтірмеңіздер!","Жылқыны қалай зерттеп, біліп, бағып өсіріп баптауды алдымен қазақтан сұрап біліп алсын, әйтпесе жылан жегендердің үстіне жылқының терісін жаба салмыз-ау","Қауіпті құрт, шаян жейтін Қытайдың жылқысы шығар. Біздердікінің жегендері жусан, бәрі  Қазақтың кең даласында жайылған. Аузымнын суы ағып кетті... Қазысы қандай сүрленген. Қытайдың жылқысы қауіпті шығар, Қазақтың жылқысы нән ғой" деді оқырмандар.