Кәмелетке толмаған қыздарды құлдыққа сатқандар ұсталды
276
11 адамнан тұратын қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістанда кәмелетке толмаған қыздарды сатумен айналысқан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, жыл басынан бері адам саудасына қатысты 76 қылмыс тіркелген. Бұл қылмыстардың ішінде бесеуі – жезөкшелікпен айналысқаны үшін, тоғызы кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін, жетеуі кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқаны үшін, 14-і адам саудасы үшін және 41-і жезөкшелік ордасын ұйымдастырғаны үшін ұсталған.

11 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістанда жыныстық қанау мақсатында қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатумен айналысқан. Тергеу барысында жас қыздардың Қазақстанның түрлі қалаларында «ВКонтакте» әлеуметтік желісі мен таныстары арқылы жұмысқа қабылданғаны анықталды. Оларға қолайлы еңбек жағдайы мен жалақысы жоғары жұмыс ұсынылған. Содан кейін алдау мен құжаттарды тартып алу жолымен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, кейіннен қаланың жалдамалы пәтерлерінде, сауналарында және қонақ үйлерінде одан әрі пайдалану үшін сауда және айырбастау жүргізілген, алынған табысты өздері алып отырған. Бағынбаған жағдайда зорлық-зомбылық, бопсалау, ойдан шығарылған айыппұлдар мен есірткі қолдануға мәжбүрлеген, - деді спикер ҚР ІІМ апталық брифингінде.