Әскери қызметкер асырап алған ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
Жамбылда әскери қызметкер 10 жастағы асыранды ұлын өлтірді деген күдікке ілінді. Ер адам бірден ұсталып, істі әскери-тергеу басқармасы тергеп жатыр, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бала өлімі Талас ауданының бір ауылында мамырдың аяғында болған. Алайда бұл оқиға туралы ақпарат тек жуырда белгілі болды. Бала аудандық ауруханаға жеткізілгенде тіршілік белгілері болмаған.
Күдікті ретінде 35 жастағы әскери қызметкер – баланың асыранды әкесі ұсталды. Қайғылы оқиға күні нақты не болғаны тергеу мүддесіне байланысты жария етілмей отыр. Отбасында бес асыранды бала болғаны және олардың тек бірнеше ай бұрын ғана алынғаны анықталды. Бала қаза тапқаннан кейін қалған балалар да отбасыдан алынған.