45 жастан зейнетке шығатын азаматтар белгілі болды
276
Министр Тамара Дүйсенова Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар зейнетке ерте шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Семейде үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесуде осылай деді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және Экология министрліктерінің өкілдері ядролық сынақ тақсіретін тартқан аймақ тұрғындарының денсаулығына зерттеу жүргізіп жатыр. Соның негізінде заңға тиісті өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Заң өз орнында қалады. Екіншіден, өзгеріс қажет болса, арнайы институттар өз ұсыныстарын беретін болса әрине өзгерістер енгізіледі. Заңға сәйкес Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығады,- деді Тамара Дүйсенова.