Бейнебайланыс арқылы әйелін балағаттаған ер адам қар тазалайтын болды

209
Өскемендік тұрғын бұрынғы әйелін боқтағаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



42 жастағы ер адам бейнебайланыс арқылы бұрынғы әйеліне қоңырау шалған. Сөйлесу барысында оны қорлап, балағат сөздер айтқан. Әйел адам полицияға арыз түсірген соң іс сотқа жетті.

Өскемен қалалық №2 соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы 1-бөлігіне (қорлау) сәйкес кінәлі деп таныды.

Сотталушы жәбірленушіге 100 мың теңге мөлшерінде моральдық залал төлеп, қоғамдық жұмысқа жегілді.

Сот шешімімен айыпталушы қала аумағында 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылып, көшені қардан тазалайды. Қазіргі уақытта ол Өскемендегі негізгі көшелерде жұмыс істеп жүр, - дейді Өскемен қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Сымбат Ботаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.