Еліміздің екі қаласында 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілді
"Сары" аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілді.
23 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.
"Облыс бойынша "жасыл" аймақта тұрған қала-аудандардағы қоғамдық тамақтану орындарына толтырылуын 50% дейін, жалпы келушілерді 70 адамнан асырмай, сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал жазғы алаңдар шектеусіз жұмыс істейді. Банкет залдарына толтырылуын 50%, қонақтар санын 70 адамнан асырмай еске алу шараларын өткізуге болады", - делінген Бас санитар дәрігердің қаулысында.
"Сары" аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат беріліп отыр.
"Сондай-ақ, аталған екі қала мен аудандағы қоғамдық тамақтану орындары толтырылуын 50%, жалпы келушілерді 50 адамнан асырмай, сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал жазғы алаңдар сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істейді", - делінген қаулыда.