АУДАН ӘКІМІ ҚАРЖЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

112
Бүгін аудан әкімі Асқарбек Есжанов Ұлттық валюта күніне орай қаржы саласы қызметкерлерін қабылдап, марапаттады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

- Қандай қоғамда да, қандай мемлекетте де қаржы-экономика саласының алатын орны ерекше. Мемлекеттің мықтылығы, қуаттылығы, экономикалық әлеуетінің жоғары болуы дамыған қаржы жүйесінің болуымен тығыз байланысты. Жүйелі экономика – қуатты мемлекет дейтініміз де сондықтан.  

Аудандық бюджеттің салықтық түсімдері жылдан - жылға ұлғайып келеді. Салықтық түсімдер көлемінің ұлғайғаны аудандық бюджет кірісінің көлемінің өсуіне ықпал жасады. 

Атап айтқанда, 2012 жылы аудан бюджеті 5 млрд 846.8 млн теңге болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 14 млрд 461 млн теңгені құрап отыр. 

Осындай табыстарға жетуімізге Өздеріңіз секілді тәжірибелі, өз ісіне шынайы берілген, білікті мамандар, қаржы саласы қызметкерлерінің де өзіндік үлесі бар.

Бүгінгі Ұлттық валюта күні мерейлі мерекесінде ел экономикасының дамуына аянбай күш-жігерін жұмсаған қаржы саласының ардагерлері мен бүгінгі сала мамандарына алғыс білдіремін,-деді Асқарбек Темірбекұлы.

Жиында ауданымыздың қаржы саласының дамуына үлес қосып жүрген сала үздіктері Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, облыс, аудан әкімінің құттықтауымен, алғысымен марапатталды. 

Жиын соңында сала ардагері Сәрсенкүл Күзенбаева сөз алып, қызметтегі естеліктерімен бөліссе, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жұпар Баймаханова әріптестерін мерейлі мерекемен құттықтады.