Талдықорғанда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтап кетті

152
21 қараша күні Талдықорғанда  такси жүргізушісі жолаушыны пышақтап кеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жолда такси жүргізушісі клиенттерге түнгі тарифпен төлеу керектігін еске салды.

Жолаушылар бұған дөрекі жауап қайтарып, бұл кейіннен ер адамдардың жұдырықтасуына түрткі болды.

Содан көлік жүргізушісі жиналмалы пышақпен клиенттердің бірін ауыр жарақаттады.
Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. 27 жастағы такси жүргізуші түсінік беру үшін қалалық полицияға жеткізілді.

Қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес жүргізіледі.