«Бизнестің жол картасы-2025»: Қызылордалық кәсіпкер 6 тонна саңырауқұлақ жинады
100
33 жастағы Мақпал Төлепбергенова биыл көктемде бір ерекше бизнес ашты. Бұл идея оның басына өткен жылы келген. Ағасымен бірге жоспар құрып, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясындағы байқауға қатысып, жобасын қорғап қол жеткізген грантқа саңырауқұлақ өсіретін ферма ашты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде фермада төрт адам жұмыс істейді. Саңырауқұлақ фермасының ауданы – 250 шаршы метр. Ол субстратталған екі камерадан тұрады. Кәсіпкер шампиньон өсіру көп уақытты қажет ететін процесс дейді. Саңырауқұлақтардың пісуінің әр кезеңіне қажетті ылғал деңгейін сақтай отырып, бөлме температурасынан ауытқымау өте маңызды.
Қазір Мақпал екі айда 6 тоннаға дейін сапалы өнім жинайды. Өнімді сақтау үшін арнайы тоңазытқыш камералар сатып алды. Алдымен жергілікті мейрамханалар клиентке айналды, содан кейін шампиньонның пайдалы қасиеті жайлы білетін тұрақты клиенттер де пайда болды.
Саңырауқұлақ бизнесімен айналыспас бұрын біздің кейіпкеріміз олардың барлық пайдалы қасиеттерін зерттеді.
«Шампиньон – өте құнды, төмен калориялы өнім, оның құрамында ақуыз мен темір көп. Сондықтан олар вегетариандар үшін өте қажет және диета ұстайтын, анемия, қант диабетімен ауыратын адамдар үшін пайдалы»,- дейді Мақпал Төлепбергенова.
Саңырауқұлақтарды т
