Жұмыс берушілер көше сыпырушылардың ақысын қалтаға басқан

256
Басшылары жұмысшылардың бір күндік ақысының жартысынан көбін қалтаға басып отырған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Жұмысшылардың бірінің айтуынша негізінде күндік ақы 9 мың теңге екен. Осындағы жұмысты басқарып жүретін азамат 4 мыңын жұмысшыларға беріп, 5 мыңын өздері қалталарына басып алатын көрінеді.

Бұл халықты қанау ма әлде басыну ма? Көше тазалаушылардың ақысын жеп отырған адамдар кімдер? Қаланың қарын, қоқысын тазалауға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Тескенсу» деген ауылдан келген бір топ адамдар күніне түскі асынан бөлек, 3 мың теңге еңбекақы алады. Жұмысшылардың бірінің айтуынша негізінде күндік ақы 9 мың теңге екен. Осындағы жұмысты басқарып жүретін азамат 4 мыңын жұмысшыларға беріп, 5 мыңын өздері қалталарына басып алатын көрінеді.

Бұл туралы
 Facebook желісінде ардагер журналист Гүлмәрия Барманбекова жазба қалдырды.

Осы маңайдың қарын күреп жүрген кәрі-жасы бар, он сегіз адам Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы «Тескенсу» деген ауылдан келген болып шықты. Күнде таңертеңгісін автобуспен екі сағат жүріп, қалаға әкеледі екен. Кешке дейін жұмыс істетіп, кешкісін тағы екі сағат жүріп отырып, ауылына апарып тастайды. Күндік ақысы - 4 мың теңге. Күнделікті қолма-қол төлеп отырады екен. Ал мың теңгесіне түскі тамақ ішеді. Яғни 3 мың теңгесін үйіне алып барады.
Ауылда жұмыс болса, осынау 18 адам күнде әрлі-берлі 4 сағат жол жүріп, болымсыз тиын-тебен үшін осылай тентіремес еді. Мемлекеттің балаларға төлейтін жәрдемақысы мен зейнетақысы мол болса, қарт ана бейнетінің зейнетін көрер шағында бұлайша арқа еті арша, борбай еті борша болып жүрмес еді. Жемқорлыққа тұсау салынса, адамның адал ақы, маңдай тері ардан безген алаяқтарға жем болмас еді,- делінген жазбада.