Алматылық такси жүргізушісі жыныс мүшесін көрсетті

435
Алматыда такси жүргізушісі шалбарын шешіп, жыныс мүшесін көрсетіп қызды қорқытқан, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушы қосымша арқылы Алматыдан Қонаевқа таксиге тапсырыс берген. Жүргізуші жолда тағы адамдар алатынын айтып, жолаушыны алдынғы орынға отыруды сұраған. Алайда жолда ешкімді алмаған.

Жолаушы тапсырыс берген жеріне жете алмаған. Ол жүргізушіден көлікті тоқтатуын сұрап, түсіп қалған. Себебі, жолаушының сөзінше, такси жүргізушісі шалбарын шешіп, жыныс мүшесін шығарып, ұятсыз әрекеттер істей бастаған. Бұл жайтты жолаушы видеоға түсіріп алған. 


"Шалбарыңызды киіңізші. Өзімді жайсыз сезініп тұрмын. Жоқ әлде зорлық әрекеттерін жасамақсыз ба? Мен көлік нөмірін суретке түсіріп, жіберіп қойдым. Неге олай істеп отырсыз?" - дейді жолаушы қыз видеода.

Жолаушы сервис қызметімен байланыса алмаған. Енді ол полицияға арыз жазбақ. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.