Қыста үсіп қалмаудың амалдары қандай?
329
Қатты аяз еліміздің біраз тұрғындарын әбігерге салғаны сөзсіз. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы суықтан тоңып, үсіп қалған немесе көлігін оталдыра алмай жатқан видео мен суреттер тарап жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қылышын сүйреп келген қыстың басталғанына небәрі 12 күн болса да, қала тұрғындары арасында жиі көтеріліп жүрген тақырыптардың бірі қыстың ызғарына төтеп беру. Ал, мамандар қыстан аман қалудың жолдарын ұсынуда:
• Қыста жейтін тағамдар жазғыға қарағанда құнарлы болу керек. Бұл құрамында "ауыр ақуыз" бар балық, құс, ет және сол сияқты тағамдар есебінен болу керек. Тауық пен бұзау етін аптасын бір, ал балықты аптасына 2-3 рет жеу керек.
• Ыстық тамақ немесе жылы сусындар ішу міндетті. Жылдам тамақтану керек болса, ас артынан жылы шәй ішкен жөн. Ал ыстық тамаққа кардамон, зімбір, кориандр және бұрыш түрлерін қосқан абзал.
• Үсіп қалмас үшін жылы әрі тар емес киім және жылы әрі құрғақ аяқ киім кию қажет. Аяғыңыз құрғақ әрі таза болуы тиіс. Денеңіздің ашық тұратын бөліктерін, яғни беттің орамалмен жауып, мұрынмен демалғаныңыз дұрыс.
• Алкогольдік ішімдіктер ішпеңіз. Мас адамның денесі тез тоңазиды. Суықта темекі шекпеңіз. Темекі шегу адамның перифериялық қан айналымын азайтады, аяқ-қолды әлсіретеді.
• Қолғапсыз, қалпақсыз және шарфсыз аязға шықпаңыз. Желді, суық ауа райында, сыртқа шықпас бұрын, дененің ашық жерлеріне арнайы крем жағыңыз.
• Егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс немесе бейтаныс жерде тоқтап қалса, көлікте қалып, телефон арқылы көмек сұрағаныңыз жөн немесе жолда басқа көліктің өтуін күткен дұрыс.
• Балаларда дененің жылу реттелуі әлі толық қалыптаспағанын есте ұстаған жөн. Сондықтан баланы аязды күні далаға серуендеуге жібергенде, оған әр 15-20 минут сайын жылы жерге кіру керек екенін айтуды ұмытпаңыз.