Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды

704
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналастыру сылтауымен қала тұрғынының  500 мың теңге ақшасын қалтаға басқан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп 1988 жылы туған өзін «Антикордың Қызылорда облысы бойынша Өзіндік қауіпсіздік қызметкері» ретінде көрсете отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналастыру сылтауымен қала тұрғынын алдау және оның сенімін теріс пайдалану арқылы 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген «Ж» азаматын әшкереледі.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде көрсете отырып, қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттер жасайтын жалғасып жатқан жағдайларға назар аударады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.