2023 жылы жәрдемақы мөлшері өзгермек
229
Жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш пен төменгі күнкөріс шегі және төменгі жалақы мөлшерінің өсуіне байланысты елде әлеуметтік көмек мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 450 теңге. Ал 40 567 теңге ең төменгі күнкөріс шегі деп бекітіледі. Сондай-ақ, ең төменгі жалақы 60 000-нан 70 000 теңгеге артады.
2023 жылы мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері:
2022 жылғы 1 қазандағы есеп бойынша Қазақстанда мүгедектігі бойынша 534,6 мың адам әлеуметтік жәрдемақы алады.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау
Алдымен Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе egov.kz арқылы өтініш жазу керек. Өтініштің жанына жеке куәлік, мүгедектік туралы анықтама, банктік шот туралы мәліметтерді тіркеу керек. Сондай-ақ, ведомствоаралық сараптамалық кеңестен немесе рталық әскери-дәрігерлік комиссиядан мүгедектік себептері туралы шешім талап етілуі мүмкін. Ауруханадан денсаулығындағы ақаулық туралы куәлік, 16 жасқа толмаған мүгедек баланың туу туралы куәлігі қажет болуы мүмкін.
Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері
Егер балалар екі ата-анасынан да айырылса, онда әрқайсысына 47 869 теңге (1,18 күнкөріс деңгейі) мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем – 52,4 АЕК немесе 180 780 теңге.
Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындау
Аталмыш жәрдемақыны тағайындау үшін мына құжаттар қажет:
Жәрдемақы кімдерге тиесілі?
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақылар туралы" заңға сәйкес қайтыс болған адамның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің жәрдемақы алуға құқығы бар.
Еңбекке жарамсыз деп саналатындар:
Кәмелетке толмаған балалары, оған асырап алған және өгей балалар да кіреді. Бірақ асырап алған баланың биологиялық ата-аналары алимент төлесе, онда оған жәрдемақы берілмейді.
18 жастан асқан мүгедектігі бар балалары.
Сондай-ақ, қайтыс болған адамның мүгедектігі бар бауырлары мен немерелерінің басқа асыраушысы, яғни еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса, онда оларға да жәрдемақы төленеді.
Одан бөлек, мемлекет тарапынан бөлінетін арнайы жәрдемақылардың мөлшері де өзгереді.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар:
Айта кетейік, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерінің қалай өзгеретіні жайлы жазған едік. Онымен қоса, көп балалы аналарға қарастырылатын басқа да жеңілдіктер бар.
Одан бөлек, 2023 жылдан бастап бала күтіміне берілетін жәрдемақы бір жастан бір жарым жасқа дейін ұлғайтылатыны белгілі болған еді.

- 1-топтағылар үшін – 77 889 теңге (1,92 күнкөріс деңгейі);
- 2-топтағылар үшін – 62 067 теңге (1,53 күнкөріс деңгейі);
- 3-топтағылар үшін – 42 190 теңге (1,04 күнкөріс деңгейі).
2022 жылғы 1 қазандағы есеп бойынша Қазақстанда мүгедектігі бойынша 534,6 мың адам әлеуметтік жәрдемақы алады.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау
Алдымен Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе egov.kz арқылы өтініш жазу керек. Өтініштің жанына жеке куәлік, мүгедектік туралы анықтама, банктік шот туралы мәліметтерді тіркеу керек. Сондай-ақ, ведомствоаралық сараптамалық кеңестен немесе рталық әскери-дәрігерлік комиссиядан мүгедектік себептері туралы шешім талап етілуі мүмкін. Ауруханадан денсаулығындағы ақаулық туралы куәлік, 16 жасқа толмаған мүгедек баланың туу туралы куәлігі қажет болуы мүмкін.
Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мөлшері
- Асырауында бір адам қалған жағдайда – 34 888 теңге (0,86 күнкөріс деңгейі);
- Екі адам болған жағдайда — 60 445 теңге (1,49 күнкөріс деңгейі);
- Үшеу болған жағдайда – 75 049 теңге (1,85 күнкөріс деңгейі);
- Төртеу болған жағдайда – 79 511 теңге (1,96 күнкөріс деңгейі);
- Бесеу болған жағдайда – 82 351 теңге (2,03 күнкөріс деңгейі);
- Алты және одан көп болған жағдайда – 85 596 теңге (2,11 күнкөріс деңгейі).
Егер балалар екі ата-анасынан да айырылса, онда әрқайсысына 47 869 теңге (1,18 күнкөріс деңгейі) мөлшерінде жәрдемақы тағайындалады.
Жерлеуге арналған біржолғы төлем – 52,4 АЕК немесе 180 780 теңге.
Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы тағайындау
Аталмыш жәрдемақыны тағайындау үшін мына құжаттар қажет:
- Азаматтық хал актілерін жазу органдарының анықтамасы;
- Оқу орнынан анықтама (студенттер үшін);
- Қамқоршылықты белгілеу туралы құжат;
- Тұлғаның қайтыс болғанын дәлелдейтін құжат.
Жәрдемақы кімдерге тиесілі?
"Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақылар туралы" заңға сәйкес қайтыс болған адамның асырауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің жәрдемақы алуға құқығы бар.
Еңбекке жарамсыз деп саналатындар:
Кәмелетке толмаған балалары, оған асырап алған және өгей балалар да кіреді. Бірақ асырап алған баланың биологиялық ата-аналары алимент төлесе, онда оған жәрдемақы берілмейді.
18 жастан асқан мүгедектігі бар балалары.
Сондай-ақ, қайтыс болған адамның мүгедектігі бар бауырлары мен немерелерінің басқа асыраушысы, яғни еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса, онда оларға да жәрдемақы төленеді.
- Жалпы орта, техникалық және кәсіптік оқу орнында күндізгі оқу бөлімінде оқитын 23 жасқа дейінгі студент-балалары.
- Ата-анасы.
- Зейнет жасына келген жұбайы.
Одан бөлек, мемлекет тарапынан бөлінетін арнайы жәрдемақылардың мөлшері де өзгереді.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 16 АЕК немесе 55 200 теңге;
- Басқа әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлерге – 4,8-ден 6,19 АЕК-ке дейін немесе 16 560-тан 21 355 теңгеге дейін;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға – 6,19 АЕК немесе 21 355 теңге;
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мүгедектік бойынша теңестірілген адамдарға – 7,55 АЕК, немесе 26 047 теңге;
- Ұлы Отан соғысында көз жұмған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне – 4,48 АЕК, немесе 14 456 теңге;
- Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерінің иегерлері, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын иеленген азаматтарға – 138,63 АЕК немесе 478 274 теңге;
- "Халық қаһармандарына"– 138,63 АЕК, немесе 478 274 теңге;
- Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен азаматтарға – 1,07 АЕК, немесе 3 691 теңге;
- Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 1,07 АЕК, немесе 3 691 теңге;