«Жын шығарамын» деген емші интимдік қызмет көрсеткені ме?
5 049
22 жасар қыздың жыныс мүшесіне қол тигізген емші «жын шығармақ» болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде тылсым дүниеге сеніп, дуа мен дұғаны алмастырып, адам ішіне кіріп кеткен жынды шығаратын жандар жайында жиі естиміз. Бес уақыт намазын қаза етпей, бүгінде жын шығарушы қария тіпті қажы атанғандар қатары күн санап артып барады.
Осы орайда жұрт аузында жүрген жын адам бойына қалай енеді деген сұраққа Рустамбек Бегметов 20 жылдан астам уақыт жын шығарумен айналысқан қажының берген жауабы:
Жын паналады деген жандар емші мен молдаларды жағалай жөнелетіні тағы бар. Солардың бірі Түркістан облысында Данияр есімді емші аз ғана білімімен халықты емдеп, тіпті жын шығарып жүргенін жасырмады. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында жынысынан жын шығармақ болған емші туралы жарияланған болатын.
Кейіпкердің айтуынша, емші екінші бөлмеге алып кіріп, гинекологиялық құрылғыны астына салып, қолымен уқалай бастаған. Қыздың айтуынша емші алдымен сары сұйықтық ішкізген. Емделемін деп барып, қорланған қыз енді оның жазалануын қалайтынын айтты.
Ал, атышулы емші Саймасаев:
Сонымен қатар, Алматы облысында бақсының емінен кейін көз жұмған 28 жастағы жігіттің емшіге қарсы іс қозғалғанына қарсы шықты. Дәстүрлі медицинадан шипа болмағандықтан, ақыл-есінің ауытқуынан үш жылдай қиналған жігітті жақындары бақсыға өз еркімен әкеліпті. Алайда, науқас белгісіз жағдайда қайтыс болған.
Жігітті жақындары Талғардағы жүйке аурулары ауруханасына да жатқызған. Марқұмның туыстары медицинадан медет таппаған соң, бауырларын қырықтан астам емші мен молдаға апарып емдеткен. Ем-дом барысында бақилық болған азаматтың туыстары Алланың жазғаны деп көндіккен болатын.
Сонымен қатар, Түркістан облысында әйелдердің ернін сүю арқылы дем салатын молда шыққаны жайында біздің ақпарат агенттігі жариялаған болатын. «Арыстан баб кесенесінде «әйелдерді ернінен сүйіп ұшықтайтын» молданың видеосы тарады.
Қазақта «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» деген сөз бар. Бұл кейбіреулер ойлайтындай молдаларды мысқылдау, және сол арқылы дінге көлеңке түсіру емес. Мұның төркінінде терең мән жатыр. Дін қызметіндегі молдалар қарапайым мұсылмандардан шариғи білімі мен қызметі бойынша жоғары тұрғанмен, жеке бастарының қасиеттері жағынан алғанда өзгелерден көп артықшылықтары бола бермеуі мүмкін. Себебі, олар да пенде, яғни оларға да кемшіліктер мен әлсіздіктер тән. Сол себепті де дінді молдалардың бойларынан емес, олардың тілдерінен көбірек іздеген жөн болар.

Әртүрлі… Көп жағдайда адамның ішкі жан дүниесіне байланысты. Көп жағдайда теріс жолда жүрген жандарға жын құмар болады. Теріс жол дегеніміз қандай жол? Мәселен, арақ ішіп, есірткі қолдану. Өзін таза ұстамау… Күнә жасау, харам әрекеттерге бару… Айта берсем, себебі көп. Одан өзге жын адам қатты қуанып не шошынған жағдайда оның бойын пана етіп алады. Тағы бір айта кетерлігі, қазір сиқырдың күшімен де жынданып жататындар баршылық. Яғни, өзге бір жан келесі біріне қара дуа жасайды,- деген өз сұхбатында.
Жын паналады деген жандар емші мен молдаларды жағалай жөнелетіні тағы бар. Солардың бірі Түркістан облысында Данияр есімді емші аз ғана білімімен халықты емдеп, тіпті жын шығарып жүргенін жасырмады. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында жынысынан жын шығармақ болған емші туралы жарияланған болатын.
Кейіпкердің айтуынша, емші екінші бөлмеге алып кіріп, гинекологиялық құрылғыны астына салып, қолымен уқалай бастаған. Қыздың айтуынша емші алдымен сары сұйықтық ішкізген. Емделемін деп барып, қорланған қыз енді оның жазалануын қалайтынын айтты.
Алдымен шүмек сияты бір темір тықпақ болды. Сосын астың тар екен кірмей жатыр, қолымды сулап тығамын. Сонда кіреді деді. Екі саусағын менің астыма тықты. Денеңді бос ұста, ауырмайды деп айтты. Содан соң, астыма толғанша су құйды,- дейді ауруына ем іздеп барған Аяулым.
Ал, атышулы емші Саймасаев:
Өзі ауру, асты сасып кеткен ауруды не істеймін. Анасы мені мәжбүрлеп, емдеуімді өтініп қоймаған соң, екі рет астына су толтырып, бір минуттан ғана суды ұстап, екі рет астын шайдым. Болды, басқа ештеңе істеген жоқпын, - деді жасырын камераға түсіп қалған емші.
Сонымен қатар, Алматы облысында бақсының емінен кейін көз жұмған 28 жастағы жігіттің емшіге қарсы іс қозғалғанына қарсы шықты. Дәстүрлі медицинадан шипа болмағандықтан, ақыл-есінің ауытқуынан үш жылдай қиналған жігітті жақындары бақсыға өз еркімен әкеліпті. Алайда, науқас белгісіз жағдайда қайтыс болған.
Жатқан кезде аузыма бір нәрсе кіріп кетті деді. Содан қараңғы бөлмеге қарап, қаша беретін болды. Қатарға қосылмайтын болды. Біреулер жын деді, біреулер дуалаған деді. Бір түрлі болып кетті, – деді марқұмның ағасы Амантай.