6 қабаттан үстіне диван құлаған ер адам сал болып қалды

204
Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырған диван ер адамның үстіне түскен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Оқиға 12 қаңтарда 13:00 шамасында болған. Диванды алтыншы қабаттың терезесінен лақтырған. 

Ол жерде көпбалалы отбасы тұрады дейді, 11 баласы бар. Оқиға кезінде галереядан 12-13 жас шамасында жасөспірімді көрген. Ал ата-анасы үйде болмапты. Диванды лақтырған сәтін көрген куәгерлерді іздейміз, – дейді зардап шеккен ер адамның ағасы. 

Туыстарының сөзінше, қазір ол ауруханада. Мойын омыртқасы үзіліп, аяқ-қолы сал болып қалған. Ағасы полицейлердің тек кешкі уақытта келгенін айтады. 

Маңғыстау облыстық ауруханасының өкілдері ер адамның жағдайы өте ауыр екенін айтады. 

Зардап шегушінің мойын омыртқасы сынған, жұлыны зақымдалған. Толығымен сал тартып қалды. Алдағы уақытқа болжам жасау қиын, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Қазір полиция "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" бабымен іс қозғаған. 


Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 114-бабы бойынша («Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру») полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай реестріне тіркелді, - деп жазылған хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.