Әкімдік үй-күйсіз адамды жерлеу үшін 1,5 млн теңге жұмсаған
668

Техникалық спецификацияда бұл сомаға туыстары жоқ бір азаматты жерлеу керек делінген. 1 млн 300 мың теңгеге мердігер ағаш табыт, зығыр, крест және арқан сатып алуға міндеттенді. Сондай-ақ бағаға марқұмды тасымалдау, есеп беру формасы, көлікті дезинфекциялау және қабір қазу үшін 4 жұмысшы кіреді.
Алғашында Қонаевта қаласының билігі 2,5 млн теңгеге жерлеуді жоспарлаған. Алайда шымкенттік мердігер соманың жартысына жуығын ұсынды. Жерлеу 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілді.
