Қызылорда облысында жер ресурстарын қорғау жөніндегі бас меминспектор тағайындалды

308
Қызылорда облысындағы Жер пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы қызметіне Марат Көшеков тағайындалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Марат Жұбатқанұлы 1976 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «инженер-жерге орналастырушы» және 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару комитетінде бас маман ретінде бастап, 2001-2002 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратында жетекші маман қызметін атқарды.

2002-2012 жылдары Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы болды.

2012-2019 жылдары кәсіпкерлік, өндіріс кәсіпорындарында еңбек етсе, 2019-2022 жылдары «Мемқалақұрылыскадастры» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Қызылорда филиалының жер кадастры басқармасының басшысы қызметінде болды.

2022 жылдың 17 қазанына дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы болды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.