Ұялы телефон үшін жанжалдасқан оқушы мұғалімді "кәрі жезөкше" деп тілдеген

1 578
Ақтөбеде №53 мектептің 10-сынып оқушысы ұялы телефон үшін мұғалімді қорлаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Жанжал кезінде мектеп оқушысы мұғалімді "кәрі жезөкше" деп тілдеген. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған мұғалім оқушыны шапалақпен тартып жіберген. Мұғалімнің әрекетін оқушылар видеоға түсіріп алыпты.

Ақтөбе қалалық білім бөлімі жанжал  алгебра сабағында ұялы телефонға байланысты туындағанын мәлім етті.


Мектеп әкімшілігі бұл факт бойынша мұғаліммен және оқушымен сөйлесті, екі тарап бір-бірінен кешірім сұрады. Математика пәнінің мұғалімі 21 ақпаннан бастап денсаулығына байланысты демалыста, үйінде ем қабылдап жатыр. Осы сыныптың ата-аналары мен оқушылары математика пәнінің мұғалімінен мектепте жұмыс істеуін сұрайды, - деп түсіндірді қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.