Қызылордадағы түзеу мекемесінде сотталғандардың 95 пайызы жұмыспен қамтылды
173
Қызылордадағы ҚАЖ департаментінің №37 түзеу мекемесінде сотталғандардың 95 пайызы жұмыспен қамтылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі.
Түзеу мекемесіндегі сотталғандарды қоғамға бейімдеуді түпкі бір әдісі – еңбекпен тәрбиелеу. Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінде жүйелі жүргізіліп келеді. ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің 95 пайызы жұмыспен қамтылған.
Мекеме бастығы әділет подполковнигі А.Махашевтің айтуынша, жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу мекемеде бірінші кезекте жолға қойылған.
Жұмысқа жуырда орналасқан азаматтардың жұмыс орнына ат басын бұрып, сөзге тарттық. Олар абайсызда қылмыс жасап, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеуде. Жиһаз жасайтын цехта 14 сотталған қызу жұмыс үстінде. Олардың шығаратын өнімдерімен де таныстық.
Ерлан, Болат есімді сотталғандар тапсырыс бойынша ағаштан сандық жасап жатыр екен.
Ерланның айтуынша, нарықта қазақы ою-өрнектермен нақышталған есік, сандық басқа да заттарға сұраныс жоғары.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Қазіргі таңда 30 кәсіпкерлік нысанда келісім-шарт негізінде 130 сотталған жұмыспен қамтылған. Олардың айлық табысының 50 пайызы мемелекетке, жеке тұлғаға келтірген шығындарын төлейді. Ал қалған бөлігін өздеріне, отбасыларына жаратады. Жуырда тағы 14 азаматты ағаш өнімдерінен жиһаз құрастыратын цехқа жұмысқа орналастырдық. Алдағы уақытта жазасын өтеушілерді көбірек еңбекке тартып, 100 пайыз жұмыспен қамту жоспарда бар. Еңбек ету арқылы сотталғандар теріс ойларынан арылып, қоғамға көзқарасы өзгеріп, өмір сүруге деген құлшынысы артады. Сондықтан жазасын өтеушілерді барынша еңбекпен қамту үшін жұмыстар атқарып жатырмыз, - деді мекеме бастығы.
Жұмысқа жуырда орналасқан азаматтардың жұмыс орнына ат басын бұрып, сөзге тарттық. Олар абайсызда қылмыс жасап, жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеуде. Жиһаз жасайтын цехта 14 сотталған қызу жұмыс үстінде. Олардың шығаратын өнімдерімен де таныстық.
Ерлан, Болат есімді сотталғандар тапсырыс бойынша ағаштан сандық жасап жатыр екен.
Бұл сандықтар таза ағаштан жасалады, ағашты жонып тазартып, біртегіс етіп жасаймыз.содан соң ою-өрнектерін салып, арнайы кескіш құралдарымен өрнектеп шығамыз, - дейді жазасын өтеуші.
Ерланның айтуынша, нарықта қазақы ою-өрнектермен нақышталған есік, сандық басқа да заттарға сұраныс жоғары.
Ағаштан ерекше бұйым дайындау төзімділікті талап етеді. Ағаштан өнімді жасауға бірнеше күн уақыт кетеді. Тапсырысты мерзімінде жасап беруге тырысамыз. Айлығымыз да уақытылы, өзімнің керек-жарағымды мекеме ішіндегі дүкеннен алып, артылған ақмады отбасыма да жіберіп жатырмын. Бостандықта ағаш ұстасы болып жұмыс жасағанмын, сондықтан маған ағаштан әр түрлі дүниелер жасау аса қиын емес. Мекемеде жазамды өтей жүріп, есік жасаудан бөлек, ағаш өнімдерінен тапсырысқа қарай заттарды жасаймыз. "Жігітке жеті өнер де аз" дегендей үйренгенім өзіме жақсы, - дейді сотталған азамат.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД