Қызылордадағы сауда орталығынан өрт шықты

235

Қызылорда қаласының орталығындағы “Отырар” және “Сұлтан” сауда үйінің жанында өрт шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



28 наурыз күні кешкі сағат 19:00 шамасында облыс орталығындағы “Отырар” және “Сұлтан” сауда үйінің жанында өрт шыққаны жөнінде 101 пультіне хабарлама түсті.


Шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен күштер мен құралдар дер кезінде жұмылдырылып, алғашқы жеткен өрт сөндіру бөлімінің барлау жұмыстары нәтижесінде “Отырар” және “Сұлтан” сауда орталықтарының ортасында орналасқан қоқыс өртеніп салдарынан жапсарлас орналасқан 3 бутик зақымдалып жатқаны анықталды.


Өрт сөндірушілердің жедел әрі біріккен іс-қимылының нәтижесінде Өрт 19 сағат 23-те оқшауланып, 19 сағат 29-да жойылды. Жақын орналасқан ірі сауда орталықтарына таралуына жол берілмеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт сөндіру қызметінен жалпы 30 қызметкер және 6 бірлік техника жұмылдырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.