Құрылыс алаңында кран мұнарасы құлап, 28 жастағы тұрғын мерт болды

196

Көкшетауда құрылыс алаңында мұнара краны құлап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Бүгін сағат 11:50-де Көкшетау қаласында Әуезов көшесіндегі салынып жатқан тұрғын үйдің құрылыс аумағында мұнара краны құлап, оқиға салдарынан 28 жастағы облыс тұрғыны қайтыс болды.


"5 сәуір сағат 11:50-де Көкшетау қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Әуезов көшесіндегі салынып жатқан үйдің аумағында мұнара кранының құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға салдарынан облыстық орталықтың 28 жастағы тұрғыны қайтыс болды. Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 277-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.", - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.