Қызылордада бір топ жігіт екіге бөлініп төбелес шығарды

275

Қызылорда қаласының орталығында жаппай төбелеске қатысушылардың кім екендігі анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қалалық полиция басқармасына тұрғындардан жас жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде хабарлама түскен.


«Екіге бөлінген жастар бір-бірімен ерегісіп, соңы төбелеске ұласқаны белгілі болды. Оған қатысқан 12 адамның барлығы анықталды. Олар – облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары. Барлығы міндетті медициналық сараптамадан өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.


Екіге бөлінген жастар бір-бірімен ерегісіп, соңы төбелеске ұласқан. Бірін-бірі аяусыз жыққыға алған ересектердің ішінде  полиция қызметкерлері бар деген ақпарат тараған болатын. Жұдырық ала жүгірген «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының» батырлары екендігі белгілі болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.