Шілде айынын бастап әлеуметтік жәрдемақы 14,5 пайызға өспек

257

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова мүгедектігі бар адамдар мен асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы көлемі өсетінін айттты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Әлеуметтік кодекс аясында 1 шілдеден бастап мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу себебімен төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі ұлғаяды. Оның мөлшері орта есеппен 14,5 пайызға артады. Осы мақсаттарға респбуликалық бюджеттен қосымша 41 млрд теңге бөлінді», - деді ол.


Вице-министрдің сөзіне қарағанда, биыл мүгедектігі бар адамдарды қажетті бұйымдармен қамту үшін бюджеттен 70 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ.


«Мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде балалардың медициналық көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, бюджет есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-техникалық құралдармен, кресло, санаторий-курорттық емдеумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекші және ым-ишара тілі мамандарының қызметімен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын мүгедектігі бар адамдарға 400 мыңға жуық тауар мен қызмет ұсынылады. Биыл бұл мақсатқа 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді Назгүл Сағындықова.