"Темекі шегіп тұрған адамға сәлем берме, оған сәлем беру не стоит" - уағызшы
Уағызшы Қабылбек Әліпбайұлы темекі шегіп тұрған адамға сәлем беруге қарсы шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұстаз тіпті, мұсылман болса да күнә жасап тұрса, сәлем берілмейтінін айтты.
Біреу күнә істеп жатса, оған Алланың тілегін тілеуге болмайды. Оған Алланың амандығын тілеуге болмайды. Ол күнәсінен айырылсын, бітсін. Күнә не? Мысалы, біреу темекі шегіп тұр. Темекі шегу күнә ма, сауап па? Демек, оған сәлем бермейсіз. Ол сәлем беруге не стоит. Ол пока күнәсін істеп, тәубесіне келіп алсын. Күнәсінен босасын, содан кейін сәлем беруге болады. Күнә істеп тұрған адамдарға, сәлем берілмесін дейді. Яғни, біреу күнә істеп жатыр ма, оған "Ассалаумағалайкум, бауырым. Қалай жағдайың?" деп сәлем берілмесін. Мұсылман болса да. Бірақ, ол күнә жасап тұр. Кез-келген күнә жасап тұрған адамға, сәлем берілмесін, - дейді.