Тәтті мақта сатушысы Сайран көлінде ыдысын жуған

1 514

Коллаж: Alash.kzАлматыдағы Сайран көлінің жағасында тәтті мақта сатумен айналысқан азаматтың көл суында ыдыс жуып жатқан әрекеті әлеуметтік желіде таралып, жұртшылықтың сынына ұшыраған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан кейін полиция оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп, сатушыға әкімшілік шара қолданған.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, азамат ыдыс-аяқты арнайы белгіленбеген жерде жуып, абаттандыру қағидаларын бұзған. 

Мамандар мұндай әрекеттер санитарлық талаптарға қайшы келіп, қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

Полиция қоғамдық орындарда сауда жасайтын кәсіпкерлерді қолданыстағы ережелерді сақтауға шақырды. Ал санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тұрғындарға тағам өнімдерін тек ресми әрі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алуға кеңес берді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.