Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деп айыпталды

46

Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деп айыпталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Халық үні" сайтына сілтеме жасап.


Бойжеткен арызды былтыр қарашада жазған. Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді.


Astana телеарнасының хабарлауынша, 20 жастағы бойжеткен өгей әкесіне арызды былтыр қараша айында жазған. Бұл оқиға қазір ғана белгілі болған.



Осы оқиғаға байланысты Қостанай облысының полициясы бірден «Зорлау» және «Бірнеше рет зорлау» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Тергеу аясында бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады, – делінген хабарламада.


Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Зардап шеккен тарап қорғауға алынды.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.