"800 мың теңге айлығым отбасымды асырауға жетпейді" - депутат

260

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов “Abay Live” бағдарламасында жалақысының аз екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



“Беташарға шығатын шығармын. Себебі жасырмаймын алатын айлығым қолыма 800 мың теңге. Ол менің отбасымды асырауға жетпейді. Өйткені үлкен қызым қазір оқуға түсетін болса, тіпті жетпей қалады. Беташар ол бекітілген бір бизнес емес қой. Табаққа біреу мысалы 200 теңге, біреуі 500 теңге салуы мүмкін. Ол сенің алатын көрімдігің ғой. Атаңнан қалған ырымың. Материалдық тұрғыда көп көмегі тиеді. Мен оны шығармашылықпен айналысу деп қабылдаймын. Иә, барамын. Ол бет ашқаным үшін берілетін көрімдік, кейде бермей қалуы да мүмкін. 70 мың теңге, кейде 200 мың теңге болуы мүмкін. Ол да бұйыртқанына байланысты", – дейді Ринат Зайытов.


Ақын айтысқа шығудан да бас тартпайтынын жеткізді. Алайда мемлекеттік қызметтегі уақыттың тығыздығынан шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік болмай жатқан көрінеді.


“Айтысқа шығуға да болады. Бірақ дайындық мүлде жоқ. Таңнан кешке дейін парламент регламенті дегенді жаттап итім шығып жүр. Оның бәрін жатқа білмесең тағы сені талап жейді. Мен өзім депутат болып айтысып көргім келеді. Өзімнің бұрын айтыстағы арманым еді. Билік өкіліне біреу бетіне сөйлесе сахнада деп. Ал менің қарсыласыма осындай мүмкіндік береді", – дейді депутат.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.