Алматы облысында ер адам көршісінің итін әйеліне үргені үшін тапаншамен атып өлтірген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға жайлы жануардың иесі, студент Сұлтан Әбіханов Threads желісінде жазған. Оның иті Брат деп аталған.
“Иә, питбуль, бірақ ол ешқашан ешкімді қапқан емес. Ол оның әйеліне үрді, әлгі “аса ақылды” адам аулаға кіргенде, Брат тіпті оған мән бермеді, өз адамымыз шығар деп ойлады. Жақындап келгенде, ол тура басынан атып жіберді. Сен ең жақсы мекендесің, мұндайға лайық болмадың. Жүрегімнің жартысын жұлып алғандай күйдемін…” — деп жазды жігіт.
Сұлтан оқиғаның мән-жайып айтып берген. Ол Алматыдағы пәтерінің ақысын төлеу мәселесін шешіп жүргендіктен, итін екі күнге тәтесінің жекеменшік үйіне апарған.
“Университеттен кейін Братты алып кетпек болдым, бірақ үлгермедім… Ит жеке аумақта болған, аула толық қоршалған, қоршауда ешқандай саңылау жоқ. Аулада балалардың ойыншықтары бар, балалар үнемі итпен бірге ойнайтын. Ит агрессивті емес еді, оны асырап бақтық, себебі ол күшіктердің ішіндегі ең кішкентайы болатын, емізікпен тамақтандырдық”, - деді ол.
Ветеринарлық клиника иттің басы мен мойнында оқ бар екенін растаған.
“Мойынның жұмсақ тіндерінде С5–С6 проекциясында және шүйде сүйегі аймағында тығыздығы жоғары рентгенконтрастты бөгде заттар (оқтар) анықталды”, — делінген ветклиниканың қорытындысында.
Алайда Сұлтанның айтуынша, ветеринарлық клиникалардың сот-медициналық сараптама жүргізуге құзыреті жоқ.
“Егер регламент бұзылса, оқтар айғақ ретінде танылмай, іс жабылып қалуы мүмкін. Сондықтан тергеу уақытында денені мұздатып қойдық”, — деді студент.
Алматы облысының полициясы оқиғаның Іле ауданына қарасты Қосөзен ауылында болғанын растаған, алайда жарияланған сәтке дейін ресми түсініктеме берілмеген.