Шекара қызметінің бұрынғы басшысы 4 жылға сотталды

1 520

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділманов 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы Алматы гарнизонының әскери соты мәлім етті. Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігін ескеріп, сот Ділмановтың мүлкін тәркілеп, қылмыстық кодекстің 450-бабы 2-бөлігі (билікті теріс пайдалану) бойынша 4 жылға бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - делінген ақпаратта.


Сондай-ақ Қазақстан президентіне Дархан Ділмановты «генерал-лейтенант» әскери атағынан, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені және «ҚР ҰҚК арадегері» құрметті атағынан айыру туралы ұсыныс енгізіледі.


Айта кетейік, 2022 жылдың 5 сәуірінде мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ділманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымынан босатылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.