Облыстық жер ресурстарының басшысы кәсіпкерлерден 18 млн теңге пара алған

796

Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы мен сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді.


Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған.


Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.


Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.


Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.