Қармақшыдағы жұмыстар қарқын алып келеді

46

Қармақшыдағы жұмыстар қарқын алып келеді,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Дүниенің төрт бұрышы мен ғарыштық кеңістікті ұштастырып жатқан, барша түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт баба мәңгілік қоныс тепкен, жүз шайырлар мекені болған қасиетті Қармақшы ауданы жылдан жылға дамып келеді. Аудан халқының әл-ауқатын арттыру мен аудан эконономикасын нығайту бағытында біршама жұмыстар атқарылып, нәтижесінде аудан экономикасының көптеген саласында макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді.

Ауданның бюджет көлемі биылғы жылға 11,6 млрд теңге болып бекітілсе, облыс әкімінің қолдауымен 1,1 млрд теңгеге ұлғайып 12,7 млрд. теңгені құрады.Өз кірісіміз 1,9 млрд теңге құраса, алдағы мәслихат сессиясымен 107,1 млн теңгеге ұлғайтылып, жылдық жоспарымызды 2 млрд теңгеге жеткізуді межелеп отырмыз.Бүгінгі күнге жыл басынан ауданға 4,0 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,8 пайызға артып отыр. 

Жыл басынан өнеркәсіп саласының кәсіпорындарымен 2,6 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,3 пайызға артып отыр.Ал, осы өнеркәсіп саласының 87,0 пайызын құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 2,0 млрд теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,1 есеге артып отыр.Ауданның экономикалық даму көрсеткіштеріне тікелей әсер ететін шағын кәсіпкерліктің дамуыда басты назарда.Аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 2023 жылдың 1 шілдесіне 4 470 бірлікті құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 13,4 пайызға, оның ішінде жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 4 150 бірлікті құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 17,0 пайызға артты. Биылғы жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 90 жоба 740,5 млн теңгеге несиелендірілсе, 112 жобаға 115,0 млн теңге грант берілді. 

Жыл соңына дейін, кәсіпкерлік саласындағы жобалар мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландыру көлемі былтырғы жылдан да жоғары болады деп күтілуде.Қазіргі таңда, «Ауыл АМАНАТЫ» бағдарламасы шеңберінде несиелендіру үшін барлық елді мекендерден ниет білдірген азаматтардың 1672,1 млрд теңгені құрайтын 258 жобаның құжаттары дайындалуда.

Бұдан бөлек, 9 ауыл шаруашылығы кооперативін ашып, 212,0 млн теңгеге қаржыландыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан экономикасын әртараптандыруда шикізаттық емес секторды дамыту ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, сонымен қатар импорт алмастыру мәселесі қолға алынуда. Ол үшін, индустрияландыру бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан ірі жобаның бірі – Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасы биылғы жылы іске қосылады деп күтілуде (жобаның жалпы құны 1,9 млрд.теңге).

Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі «АНК-Дәулет» ЖШС газоблоктар өндіретін шағын зауытының құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 200,0 млн теңге. Жобаны жүзеге асыру мақсатында Өңірлік Инвестициялық орталығы арқылы 60,0 млн теңгеге несиелендірілді. Бұдан бөлек, аудандағы сауда саласын одан әрі дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан орталығындағы ескі сауда базарының орнына жергілікті кәсіпкердің (Нағима Тоқсанбаева) бастамасымен заманауи үлгідегі сауда орталығының құрылысы басталды. Жоба құны 150,0 млн теңге.Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыру үшін Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 50.0 млн. теңге несие қаражаты берілді.Жосалы кентіндегі ескі қонақ үйді қайта жаңғыртудан өткізу үшін Өңірлік Инвестициялық орталығы арқылы 30,0 млн теңгеге несие беріліп, қазіргі таңда жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

ІІІ Интернационал ауылдық округінен жеке кәсіпкер Г.Рагибованың (жоба құны 300,0 млн.теңге) мал бордақылау алаңы және сою цехының құрылысын салу жоспарлануда. Жобаны іске асыруға қажетті 2 гектар жер телімі берілді. Мал бордақылау алаңында бір мерзімде 100 бас жылқы, 100 бас мүйізді ірі қара және 200 бас қой бордақылау жоспарлануда. Сонымен қатар, перспективада ет өңдеу цехын (шұжық цехы) ашу көзделуде.Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ауданының әлеуметтік экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығына негізделген.2023 жылдың 1 шілдесіне ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2 млрд 899,5 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 пайызды құрады.Осы жылы жалпы көлемі 26 813 гектар алаңға егіс орналастырылды. Оның ішінде күріш көлемі 13 770 гектар (былтыр 12 773 га). Биылғы вегетациялық кезеңге бөлінген су лимитіне (520,0 млн м3) және дақылдарды кезектестіру схемасына сәйкес күріш егісінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 997 гектарға артық орналастырылып, әртараптандыру дақылдары 2340 гектарға егілді.

Сонымен қатар, биылғы жылы Жаңажол ауылдық округінде «Жаңажол» ЖШС 5 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алма бағын егіп, шығымы 85,0 пайызды құрап отыр. Бұдан бөлек шаруашылық қарбыз дақылын жабынды астында (под пленка) егу әдісімен 2 гектар жерге орналастырып, өнімді тамыз айында алу жоспарлануда. Көктемгі дала жұмыстарының нәтижесімен 3854 гектарға жаңа жоңышқа, 1050 гектарға жаздық бидай, 1050 гектарға мақсары, 50 гектарға құмай, 40 гектарға сүрлем жүгері, 3 гектарға күнбағыс дақылы себілсе, 5193 гектар жерге ескі жоңышқа күтімге алынды. Облыс әкімінің «тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуін қалыптастыру» туралы тапсырмасы бойынша 392 гектар бақшалық жерлер дайындалып, 881 отбасыға бөлініп берілді.

Егіске су жеткізу жұмыстары бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген 5 күндік кезектестіру кестесіне сәйкес, қазіргі таңда 354,84 млн м3 (68,88%) су алынды. Су бөлу нүктесінен қашық орналасқан және биік танаптардағы егістіктерге су жеткізу үшін ауданға қарасты ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 24 дана насос қондырғыларын пайдалануда. Ал мал шаруашылығында өсім байқалады. Атап айтқанда, төрт түлік бойынша өсім орташа 6,0 пайызды құрайды.

Құрылыс саласына келетін болсақ, соңғы жылдары Қармақшы ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Биылғы жылдың 1 шілдесінде құрылыс жұмыстарының көлемі 1590,0 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,3 пайызға артты.

Құны 3,7 млрд теңге болатын Байқоңыр қаласында көпқабатты 5 тұрғын үй құрылысы және аумағын абаттандыру, инженерлік жүйелер құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, құны 12,0 млрд теңге болатын Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау жүйелерін қайта жабдықтау құрылысы жоспарланып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде (2023 жылға бөлінгені 1,0 млрд теңге).

Аудандағы елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Т.Көмекбаев, Қармақшы, Алдашбай Ахун ауылдарында су қабылдайтын құрылғыны қайта құру» құны 696,7 млн теңге болатын жобалар іске асырылуда. Қазіргі уақытта Т.Көмекбаев, Алдашбай Ахун ауылдарында құрылыс нысандары аяқталып, пайдалануға берілді. Қармақшы ауылындағы нысанды пайдалануға беру тамыз айында жоспарға қойылып отыр.Ауданда көгілдір отынға қосылған елді мекендерінің санын арттыру мақсатында (бүгінгі күнге аудан бойынша тек Жосалы кенті қосылған), Төретам кентінде 73,2 пайыз (2023 жылға 505,8 млн тг) және Ақай ауылдық округінде (2023 жылға-148,7 млн тг) 91,2 пайыз газ тарту жұмыстары атқарылды. 

Сондай-ақ, Дүр Оңғар ауылына дейінгі және ауылішілік газ желісінің құрылысы мен Жосалы кенті «Тәуелсіздік» ықшам ауданындағы үйлерге газ желілерін жеткізу құрылысын жүргізуге алдағы жылдарға жоғары тұрған бюджеттен қаржыландаруға тиісті құжаттар өткізілді.

Есепті кезеңде 11460 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,8 пайызды құрады.Биылғы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға Ұлттық қордан қаржы бөлінді. Жыл аяғына дейін кәсіпкерлер тарапынан екі пәтерлік 25 тұрғын үй салынып(50 пәтер), мемлекеттік тұрғын үй қорына заңдылыққа сәйкес тұрғын үйлер сатып алынатын болады. Денсаулық сақтау саласы бойынша осы жылы аудандық орталық ауруханада компьютерлік томография кабинеті ашылды.«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында орталық аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде(174,9 млн теңге).Аудан бойынша Тұрмағамбет (391,0 млн теңге), Ақжар (392,8 млн теңге), Дүр Оңғар (396,6 млн теңге) ауылдарында дәрігерлік амбулатория құрылыстары бастау алды. 

Қармақшы аудандық ауруханасының «Шипагер» емханасы үшін блоктық модульдік қазандық салуға 53,6 млн теңге қаржы қаралды. 

Еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолында ұстанған басты басымдықтарының бірі – білім беру саласы екені белгілі.Жалпы ауданы бойынша 30 мектеп жұмыс істейді (29 жалпы орта мектеп, 1 негізгі орта мектеп). 

2022-2023 оқу жылында 655 мектеп бітірушінің 581-і яғни бітірушілердің 89,0 пайызы ҰБТ-ға қатысып, олардың орташа баллдық көрсеткіші 84,7 пайызды құрап, оның ішінде 40 түлек «Алтын белгі» және 68 түлек «Үздік аттестат» иеленді.

Ауданда мектепке дейінгі 42 білім беру ұйымы бар, оның ішінде 24 мемлекеттік, 17-і жекеменшік балабақша мен 1 шағын орталық. 

Бүгінгі күні сол білім беру ұйымдарында барлығы 176 топ бар болса, онда 3676 бала тәрбиеленуде. Аймақ басшысының қолдауымен 4 жаңа 40 орындық автобус кілті мектептерге табысталды. Аудандағы білім нысандарындағы бу қазандықтарын қалыпқа келтіру мақсатында биылғы жылы 4 балабақшаның бу қазандық орналасқан ғимараттарына жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар, 1 балабақшамен 3 мектептің жылу қазандықтары газ отынына қайта жабдықтау үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілетін болады.Заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2024-2025 жылдары аралығында Жосалы кентінде орналасқан №105 мектеп-лицейі және ІІІ Интернационал ауылындағы №108 орта мектебін салу жоспарлануда.

Әлеуметтік салаға келсек аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 22787 адам болса, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 21 621 адам, жұмыссыз жүргені 1166 адамды құрады. Жұмыссыз деңгейі 5,1 пайыз. Жұмыс іздеуші ретінде орталыққа хабарласқан 2188 адамның 291-і тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты. Биылғы жылы аудан бойынша 2856 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 6 айда 1916 жаңа жұмыс орындары ашылды.Еңбекпен қамтудың белсенді іс-шараларымен 1295 адам қамтылып, 115 адам жұмысын аяқтап, тұрақты жұмысқа 50 адам орналастырылды. 

Аудан бойынша 432 отбасының 2180 мүшесіне 94 млн 981,8 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.2023 жылдың 6 айында 1599 отбасына (5406 отбасы мүшесі) 116,4 млн теңге тұрғын үй көмегін көрсетуге қаржы төленді.Мәдениет және спорт саласына тоқталсақ, биыл киелі Қармақшы ауданының негізі қаланғанына – 95 жыл толып отыр. Осыған орай ауданда жыл көлемінде «95 жылға – 95 шара» атауымен ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.Мерейтой аясында ақындар айтысы мен жыраулар фестивалі, ұлттық спортты насихаттау мақсатында түрлі сайыстар өткізілетін болады.Сонымен қатар, мерейлі мереке қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарланып, жыл көлемінде тағылымы мен тәрбиелік маңызы зор, рухани, мәдени, спорттық бағыттағы әртүрлі жиындар, жарыстар, басқа да іс-шаралар өткізіледі деп күтілуде.

Ауданда бұқаралық спортпен шұғылданушылар 38,0 пайызға жетті. Олардың санын арттыру мақсатында «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жосалы кентіндегі (құны 496,3 млн теңге) дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар, Ақай ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (құны 531,3 млн тг) құрылысы жүргізілуде (2023 жылы 145,9 млн теңге қаралды).Республикалық бюджеттің бірінші нақтылауында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс нысандарын салу жұмыстары басталуда. 

Сонымен қатар, аудандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы, Иіркөл, Ақжар, Ақай ауылдық округтерінде балалар және спорттық алаңдарының құрылғыларын орналастыру үшін 56,0 млн теңге және Тұрмағамбет, Алдашбай Ахун ауылындағы спорт алаңдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 13,1 млн теңге қаржы қаралды.Спорт нысандарындағы бу қазандықтарын қалыпқа келтіру үшін Жосалы кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бу қазандығын табиғи газге ауыстыру жұмысына 56,5 млн теңге бөлінді. Ауданның инфрақұрылымын дамыту маңызды, оның ішінде жол мәселесі басты назарда.

2023 жылы облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент» Ақжар, Тұрмағамбет, Көмекбаев автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 503,0 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы жоба құны 1445,0 млн теңге. Қазіргі таңда, мердігер мекеме жоспарлаған 8 шақырым жолдың 7,5 шақырымын аяқтады.

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 елді мекеннің 21 көшесін орташа жөндеуден өткізуде, атап айтқанда: Жосалы кентінде 15 көше, Ақтөбе ауыл округінде 1 көше, Ақай ауыл округінде 3 көше, Ақжар ауыл округінде 1 көше, ІІІ Интернационал ауыл округінде 1 көше. Бүгінге күні 5 көшенің 3,5 шақырымына асфальты төселді.Жосалы кентіндегі Амангелді Иманов көшесін абаттандыру, аяқ су жолдарын жаңарту және орташа жөндеу жұмыстарына 104,8 млн теңге қаралып, жұмыстары аяқталды.Облыстық бюджет қаражаты есебінен Қуаңдария ауылында 2 көшенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 0,8 шақырым жолы жөнделді.Сонымен қатар, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджеттен 42797,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 11 су ұңғымаларын орнату жұмыстарына 202,0 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге 9 су ұңғымасын орнату жұмыстары аяқталды.Сонымен бірге, Жосалы кентінің 19 көшесі мен Дүр Оңғар ауылының 5 көшесін жарықтандыруға 225,5 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.Одан бөлек, аудан бюджетінің есебінен аудан орталығында бірқатар абаттандыру жұмыстары  жүргізілуде. Атап айтқанда: кенттегі «Шығыс» каналы жағасын абаттандыру (48,0 млн тг.), Тәуекелов көшесін абаттандыру, Көшербаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын орналастыру, кенттегі жағажайды абаттандыру, балық мүсінін ағымдағы жөндеу және орталық алаңға 6 дана металл аркалар орналастыру жұмыстары (53,2 млн теңге) жүргізілетін болады.Сонымен қатар, көптен бері кент тұрғындарының көтеріп жүрген күрделі мәселелерінің бірі Жосалы кентінде темір жолдан өтетін көпір құрылысы жұмыстарына жоба-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу жобасына техникалық-экономикалық негіздеме құжатын әзірлеуге аудандық бюджеттен 9,3 млн теңге қаралды. Жоғарыда аталған жобаның құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен тиісті қаражатты қарауға салалық министрлікпен жұмыстар жүргізілетін болады.