Мектеп интернатындағы мұғалім оқушыларға теріс ағымды насихаттаған

138

Фото: argumenti.ruПетропавл мектептерінің бірінде мұғалім оқушыларға дәстүрлі емес діни ағымды насихаттаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.


Әбу Досмағанбетов атындағы мектеп интернатындағы ағылшын тілі мұғалімінің атына белгісіз біреуден шағым түсіп, сала мамандары мектепті бақылауға алған. Белгілі болғандай 28 жастағы ұстаз 11-сынып оқушыларына тәрбие сағатында діни сабақтар жүргізген. Ал жиындарды әдейі бейнекамерадан тыс жерлерде ұйымдастырып отырған. Құзырлы органдар ескертусіз келіп, осындай сабақтардың біріне тап болған. Тінту кезінде мұғалімнің жеке заттарының арасынан діни бағыттағы оқулықтар тәркіленді. Аталған мұғалім бұл әрекеті үшін тек айыппұлмен ғана жазаланды. Ал қоластындағы қызметкерлердің ісінен бейхабар болып шыққан мектеп директоры ағылшын тілі мұғалімінің әзірге жұмыстан шығарылмағанын хабарлады.


“Мұғалім ретінде осы үш жылда ешқандай теріс әрекет байқалған жоқ. Бәрі мұғалімнің артынан қалай жүресіздер. Ол кісі қазір еңбек демалысында. Келгеннен кейін педагогиканың этика комиссиясына салып, жұмыстан шығарамыз”,- деді Ә.Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернатының директоры Ержанат Бакиров.


Миссионерлік қызметтің жүзеге асырылу фактісін облыстық полиция департаментінің қызметкерлері анықтаған. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.


“Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды", - дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиева.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.