Тарихи шатқалға қызының есімін жазған шенеунік көпшіліктен жылап кешірім сұрады

594

Қызының есімін тарихи шатқалға ойып жазған ақтөбелік шенеунік көпшіліктен кешірім сұрады, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осы аптада Маңғыстау облысындағы Ыбықты-Сай каньонына «Ақнәзік» деп қызының атын қашап жазған Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев көпшіліктен кешірім сұрады.


Аңдаусызда жаза бастым, ағайын! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ, аса қатты сөкпеңіздерші! - деп бір кемсеңдеп алды ақтөбелік шенеунік.


Оның айтуынша, каньонның жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы, сай толы жазу, әдепсіз сөздер екен. Сол себепті қабырғаны «сондай дөрекі сөзді әдемі сөзге айналдырмақ ниетте» қашаған көрінеді.


Тарихи жәдігерге қылдай қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстау жұртының, отандастарымның алдында барынша басымды иіп, кешірім сұраймын! Ғафу етіңіздер, ағайын! - деп өкініш білдірді Манас Көшербаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.