Елімізде баспана кезегіндегі тізімнен сәйкес келмейтін үміткерлер шеттетілмек
Индустрия және құрылыс министрлігі енді баспана кезегінде тұрған қазақстандықтар тізімінен сәйкес келмейтін үміткерлердің шығарылатынын жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап.
Кезекте тұрғандардың біразының жеке баспанасы бар болып шықты. Басқалары құжаттарды тапсыру кезінде қателіктер жіберген.
Бүгінге дейін әкімдіктер 10 мың адамды кезектен шығарып үлгерді. Ал өзге қазақстандықтар баспаналарын күтуді жалғастыруда. Кейбірі он жыл немесе одан да көп уақыт күтуі мүмкін.
Қаз
Рус






