Оқушының басын тақтаға ұрған мұғалім 40 тәулікке қамалуы мүмкін

4 573

Ақмола облысында оқушының басын тақтасына ұрған мұғалім жауапқа тартылмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Осы әрекеті үшін мұғалім үш жылға дейін немесе одан да көп мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуы мүмкін немесе 160 АЕК-ке дейінгі айыппұл, сол мөлшердегі түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартылады. Басқа жағдайда мұғалім 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.


"Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылындағы орта мектепте болған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тиісті сараптамалар тағайындалды", – делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасында.


Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні әлеуметік желіде мұғалімнің мектеп тақтасына оқушының басын ұрған видеосы тараған болатын. Оқиға Ақмола облысы Жібек жолы ауылындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектепте болған.