Кәсіпкер Айбек Барысовтың ұлы Айсұлтан Барыс әскери комитеттен қашып жүргенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
23 жастағы Барыс әлеуметтік желіде әскери комитеттен қалай қашқанын айтып берген. Айтуынша, кейін мәселе шешіліп, әскерге бармайтын болды.
"Алматыда тіркелсем де, маған Астанадан не үшін қоңырау шалғанын білмеймін. 15 қыркүйекте әскерге шақыру келгенде, мән бермедім. Кейін маған әскери комиссариаттан қоңырау келіп, неге жоқ екенімді сұрады. Мен басқа елде екенімді айттым. Бірақ олар маған сенбей, аңди бастады", – деді кәсіпкердің ұлы.
Жігіт әскерге барғысы келмейтінін және ол жерде оған білгенін істейтіндерін айтты.
“Жақындарыма жағдайды айттым. Олар Астанадан кетіп, ешкімнің көзіне көрінбеуімді және сөйлеспеуімді өтінді. Содан соң Алматыға қайттым, мәселенің шешілгенін білдім. Енді құжат бойынша мен әскерге жарамсыз боламын”, – деді 23 жастағы жігіт.
Блогер әрі журналист Гүлбану Әбенова кәсіпкердің ұлының мұндай әрекетіне шағымданып, құзырлы органдарға шағымданды.
“Әкесі "жағдайды шешкеннен" кейін қандай негізде оның шақыртуын кейінге қалдырдыңыздар? Әскерге шақырылған жігіттің айтуынша, әскерде 20 мың сарбаз жетіспесе, неге оған міндеттемеді? Неліктен байлары балалары тығылып, әскерден қашады?”, – деді Әбенова.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы және Kazakhstan Paramount Engineering негізін қалаушы, мәжіліс депутаттығына кандидаттығын ұсынған Барысовтың айтуынша, ұлының денсаулығында кінәрат бар. Ол Айсұлтанның миында киста бар екенін айтты.
Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға байланысты түсінік берді. Олардың мәліметінше, Барыстың борышын өтеу мерзімі кейінге қалдырылмаған.
“Айсұлтан Барыс 3 наурыздан бастап Астана қаласындағы Алматы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында әскери есепте тұрды. 28 сәуірде Алматы қаласына әскери есепке тіркелген. Жергілікті әскери басқару органдары тарапынан оың әскерге шақырылуы кейінге қалдырылған жоқ. Қазіргі уақытта шақыру қағазын оның өз қолына тапсыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр”, – деді ол.