Қызылордада синтетикалық есірткі бар ораманы таратқан курьер ұсталды

250
Қызылордада синтетикалық есірткі салынған 13 ораманы таратқан курьер ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полиция батальон қызметкерлері түнгі сағат 03:00 шамасында сауда үйінің алдында аса ірі көлемде “Пирролидиновалерофенон” есірткі затын жасырын таратып жүрген облыс тұрғынын құрықтады. 


Күдіктінің өзінің мобильді қосымшасы арқылы әлеуметтік желіден тапсырыс алып, оларды қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырғандығы анықталды. Полицейлер оны синтетикалық бетбелгі қалдырып жатқан жерінен ұстады. Айғақ зат ретінде барлығы 13 синтетикалық заты бар орама алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 6 грамнан астам психотропты зат екені анықталды. 


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.