Дания әскерінде "Дракон" атанған қазақ қызы Ләйла туралы не білеміз
277
Данияда тұратын Ләйла есімді қазақ қызы Дания әскерінің қатарында болып, "Дракон" деген атаққа ие болған. Бойжеткен туралы бірқатар қызықты ақпаратты "Замана" басылымы назарға ұсынды.
Басылымға сұхбат берген бойжеткен "Дракон" атағы кімдерге берілетінін түсіндірді.
"Дракон" ("Dragon") деген сөз – дат тілінде "жауынгер" дегенді білдіреді. Ол сержанттан майорға дейінгілердің бәріне де беріледі. Ал әскер қатарында болу үлкен абырой саналады, ол кейін қызметте лауазым, мансап өсіруде пайдасын тигізеді. Оның үстіне әскер адамды тәртіпке, жауапкершілікке үйретеді, физикалық тұрғыдан шыңдайды.
Сондықтан мектепті бітіріп, біраз уақыт кеңседе жұмыс істеген соң әскер қатарында болып қайтуды ұйғарып, өтініш түсірдім. Данияда қыздарға да әскерде қызмет етуге жағдай жасалған. Әскери қызмет мерзімі – 4 ай, коронавирус індетіне байланысты біз биыл 3 ай қызметте болдық", - дейді Ләйла.
Бала кезінен әскери өмірге қызығушылықпен қарағанын алға тартқан ару әскерден қашатын жігіттерді түсінбей келгенін айтуда.
"Бертінде кей ұл балалардың әскерден қашатынын естіген кездерім бар. Сонда мен бұны түсінбейтінмін. Сөйтсем, кей жастар әскердің қиындықтарынан қашады екен. Бірақ бұл мені қорқыта алмады. Сұрастырып білсем, "Ютландия айдаһар полкінде" тәртіп аса қатал екен, онда жауынгерлерді физикалық тұрғыдан қатаң шыңдайтынын естідім. Сөйтіп мен Холстебордағы осы әскери бөлімді таңдадым", - дейді Ләйла.
Осылайша қазақ қызы Ләйла Аюби "Ютландия айдаһар полкінде" 3 ай әскери қызметте болған.
Ондағы сарбаздарды жігіт, қыз деп бөлмей, "Дракон туры" деп аталатын әскери-тактикалық ауыр жаттығулардан, бетпе-бет шайқас жаттығуларынан бәрін бірдей өткізеді екен. Содан кейін арнайы белгі мен "Дракон" атағын береді.
Ләйла осындай жаттығу-сынақтардың бәрінен де жұрт қатарлы сүрінбей өтіп, "Dragon", яғни "жауынгер" атағына қол жеткізген. Ал мұндай атақты екінің біріне бере салмай, тиісті жаттығулар мен сынақтардан өткендерге ғана беретінін айта кеткен жөн.
Ал әскери қызметкерлерге айына 8 мың крон жалақы беріледі. Оның 232 кроны тамақ сатып алу үшін есептелген. (1 кронда 65 теңге бар).
Жалпы, Данияда әйелдер әскер қатарында ерлер қатарлы қызмет ете алады. Ал Ләйла әскерге өзін алдағы өмірге дайындап, шыңдау үшін барған. Әскерден таяуда оралған. Бүгінде ол ауруханада жұмысқа орналасқан. Қазір университетке оқуға түсуге дайындалуда. Ләйла биотехнолог мамандығына оқымақшы. Ол дат және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді, қазақ, неміс, испан, түрік тілдерін де түсінеді.
Ләйланың анасы Гүлше Орхустағы университет зертханасында жұмыс істейді екен. Ал сіңлісі Сара қазір мектепте оқиды.
Ал Ләйланың нағашысы, яғни анасының ағасы Қажы Әкбар Аюби кейінгі бірнеше жылдан бері алыс қашықтықтарға жүзумен айналысады. 25 метрден бастап, 9 шақырымға дейін тоқтамай жүзе алатын ол Данияда жүзуден болған бірнеше жарыстарға қатысыпты. Осыдан екі жыл бұрын Босфор бұғазын Азия жағынан Еуропа бетіне, сосын Еуропа бетінен Азия жағасына қарай екі мәрте жүзіп өтіпті. Өткен жылы Грекияның бір аралында 6 тәулік болып, күндігіне 8 шақырымнан жүзуге қатысып қайтыпты. Яғни оларды күн сайын кемемен осынша қашықтағы жағалауға апарып тастайды да, олар аралға өздері жүзіп жететін болған.