Үйленіп жатқан жігіт тапаншадан оқ атты

1 525

Түркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен достары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлердің назарына той ұйымдастырған жастар ілігіпті.

"Онда жігіттер шектен шығып, аспанға қандай да бір қарумен оқ атып, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, жол апаты жағдайын туғызғаны бейнеленген", - делінген хабарламада.


Оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Оқ атқан 19 жастағы тұрғыннан түсініктеме алыныпты. Ал оның қолындағы сигнал беретін зат болып шықты. Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.