Жол ортасында билеген қызылордалық блогер жауапқа тартылды

990

Шымкентте көшедегі жол ортасында билеген блогер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Әлеуметтік желіде қаланың Қонаев пен Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның қызыл түсіне жол бойында билеген қыздың видеосы тарады.


Блогер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте билей бастаған. «Шоуды» қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен. 40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жанған жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің дабылы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді. Тикток қолданушысы мұндай қадамға тікелей эфирде лайк жинаудан ұтылған досының шарты бойынша барған.


Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қыздың жеке басын анықтады. Ол – Қызылорда облысының тұрғыны екен. Бұл әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция хабарламасында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.